Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Шымкент қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Шымкент қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Қазіргі заман Шымкенті жарты миллион тұрғыны бар қала және Қазақстанның ең ірі үш қаласының қатарына кіреді, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталығы болып табылады. Қала Ұлы Жібек жолының бір бөлігіндегі кереуен жолдарының қиылысында пайда болған және Орта Азияның ежелгі қалаларының құрамына кіреді.

Қаланың құрылған жылы: XII ғасыр
Халық саны: 662 330 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7252)
Пошта индексі: 160000
Автокөліктің коды: 13 (2012 жылға дейін - X)

Бүгінгі қала

Осындай ғажайып ежелгі сонымен қатар заманауи қаламен өзінің тағдыры қандай да бір себеппен байланысқан адамдар осы қалада өткен уақыттарынан алған жылы әсерімен бөліседі. Шымкент қаласы туристерде, өнертанушыларда, тарихшылар мен археологтарда ерекше қызығушылық туғызады. Дәл осы жерден курорттық, экзотикалық және тарихи жерлерге туристік маршрут басталады, ал олардың саны Қазақстанның оңтүстік өңірінде аз емес.

Шымкент қонақтарына заманауи отелдер, әуежай, теміржол және автобус вокзалдары, әлемнің кез келген жерімен халықаралық байланыс, тарихи есте қаларлық жерлер, табиғат ландшафтының алуан түрлілігі мен тамашасы, ынтымақшыл халықтың ақкөңілділігі мен қонақжайлылығы құшақ жайып қарсы алады.

Туризм және спорт

Шымкент ежелгіден саяхатшылар мен ғалымдардың көңілін баурайтын. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық орталығы болғандықтан аумақтың түрлі жерлеріне бағытталған туристік маршруттар осы жерден басталады. Маршрут бағыттары тарихи жерлерге бару, экзотикалық аудандарға саяхат, аңшылық пен балық аулау, тау туризмі секілді әр түрлі туризм түрлерін қарастырады. Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер мен сәулетті құрылыстар бар, оларға үнемі зиярат жасалып отырады.

Қалада 100-ге жуық спорт залы, 7 стадион, 5 шомылу бассейні, 100-ге жуық спорт алаңы, 3 спорттық нышан мен жеңіл атлетика манежі бар. Қала әлемдік атағы бар чемпиондар жүйріктерін тәрбиелеген. 4 олимпиада резервіне балалар мен жас өспірімдер арнайы спорт мектебі жас спортшыларды дайындайды.

Ғылым мен білім беру

Қалада 77 жалпы білім беретін мектептер бар – 65 орта, 7 толық емес, 5 бастауыш мектептері. Орта мектептер ішінде – 16 арнайы (11 гимназиялық және 5 лицейлік сыныбы бар), сонымен бірге гимназия мен лицей. Одан басқа 5 кәсіби-техникалық мектеп, сыртқы мектеп, 9 жекеменшік мектеп, 48 мектепке дейінгі мекеме, 3 музыкалық мектеп, өнер мектебі, көркемөнер мектебі, жас техниктер стансасы, Оқушылар үйі, 2 оқу-өнеркәсіп комбинаты бар.

Шымкенттің 7 туыстас қаласы бар: Байинь (Қытай), Гроссето (Италия), Измир (Түркия), Могилев (Беларусь), Паттайя (Тайланд), Стивенэйдж (Ұлыбритания) и Худжанд (Тәжікстан).

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Алматы, фото Алматы
Карта Қарағанды, фото Қарағанды
Карта Атырау, фото Атырау
Карта Павлодар, фото Павлодар



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен