Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Алматы қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Алматы қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Алматы – бұл ондаған жылдар бойы республиканың экономикалық, мәдени және білім беру орталығы болып саналатын еліміздің ең ірі мегаполисі. Серпімді дамып келе жатқан, жұмыс жасау мен мекендеуге жайлы Алматы қаласы Қазақстандағы экономикалық көшбасшыларының бірі екені даусыз.

Қаланың құрылған жылы: 1854
Халық саны: 1 475 429 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7272)
Пошта индексі: 050000
Автокөліктің коды: 02 (2012 жылға дейін - А)

Қызықты фактілер

2007 жылдың маусым айында қала әлемдегі ең қымбат қалалардың тізіміне ілініп, осы тізімде 30-орынды иемденген еді. 90 жылдардың соңынан бастап 2008 жылдың ортасына дейін қала экономикалық және инвестициялық өрлеумен, сондай-ақ құрылыстың қарқындылығымен ерекшеленді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен астана Ақмола қаласына көшірілді, жарты жыл өткен соң қаланың аты Астана етіп өзгертілді. Қазіргі таңда Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржылық орталығы болып саналады. Алматыда Қазақстанның Ұлттық банкі және кейбір елшіліктер ғана қалған, ал қалған үкіметтік мекемелер Астанаға көшірілді. 1998 жылдың 1 шілдесінде қаланың ерекше мәртебесі туралы Заң қабылданды. Алматының бейресми аты «Оңтүстік астана» деп аталады.

Туризм және демалыс

Алматыда автобустардың, троллейбустардың, маршрутты таксилердің маршруттары тармақталған желісі бар, сонымен бірге таксилер де жұмыс жасайды. ХХІ ғасырдың басында екі трамвай маршруты ғана сақталған еді, ал соңғы жылдары транспорттың осы түрін дамыту процесі басталды. Сонымен бірге бөлінген тас жолына автобустар (т. н. «шиналық трамвайлар», BRT) мен жылдам трамвайлар (LRT) жолын құрастыру жоспарлануда.

Алматының әкімшілік аумағында «Алматы» қазіргі заман әуежайы орналасқан. 2004 жылы жанып кеткен ескісінің орнына әуежайдың жаңа терминалы ашылды. Қалада екі теміржол вокзалы жұмыс жасайды: Алматы-1 және Алматы-2. Алматы-1 қаланың солтүстік жағында орналасқан, ол Ресейдің сібір облыстарынан Орталық Азия жолдары бойынша транзитті вокзал болып табылады. Алматы-2 қаланың орталығына жақын орналасқан қалалық вокзал болып саналады және Алматыға келуші жолаушыларға арналған.

Мәдениет

Алматы республиканың мәдени орталығы болып саналады. Алматыда 270 мәдени ұйымдары бар. Оның ішінде 14 театр, 7 концерттік зал, 2 филармония, 11 оркестр, 13 ансамбль. Алматыда 32 мұражай, 20 көркемөнер галереясы, 39 кітапхана, 2 Балалар шығармашылығының үйі жұмыс жасайды. Қалада 115 тарихи, сәулетті және монументалды өнер ескерткіштері бар. Сонымен бірге 18 кинотеатр, 920 спорттық құрылыстар, көптеген түнгі клубтар, мейрамханалар мен өзге де ойын-сауық орындары бар.

2011 жылы Алматы Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды. Қысқы Азия ойындарын өткізу үшін Алматыда қазіргі заман ареналар ансамблі соғылды: 400 метрлі жолы бар мұзды стадион, шаңғы және биатлонды стадиондар, жаңа тау шаңғы базасы, 20 мың көрермендерге арналған трибуналары бар 90- және 120-метрлік трамплиндер, санно-бобслей трассасы.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Астана, фото Астана
Карта Қарағанды, фото Қарағанды
Карта Шымкент, фото Шымкент



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен