Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Қарағанды қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Қарағанды қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Қарағанды - ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала Қарағанды көмір кен орнының ортасында орналасқан. Қала халық саны бойынша Қазақстанда төртінші орында (Алматы, Шымкент және Астанадан кейін).

Қаланың құрылған жылы: 1931
Халық саны: 479 214 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7212)
Пошта индексі: 100000
Автокөліктің коды: 09 (2012 жылға дейін - М)

Бүгінгі қала

Бүгінгі Қарағанды – инфрақұрылымы дамыған жасыл, әдемі қала, бірақ қала тұрғындары қаланы саяси тұтқындардың соққанын ешқашан ұмытпайды, мұндай нәрсе еш уақытта қайталанбауы тиіс. Қазіргі заманауи Қарағанды – индустриалды, мәдени, көп ұлтты қала.

«Чайка», «Космонавт», «Созвездие» және сол сияқты жабдықталған қонақ үйлер қаланың қонақтары мен туристерге өзінің есігін ашады. «Созвездие» қонақ үйінде халықаралық бильярд орталығы орналасқан, ол жерде осы ойыннан көптеген жарыстар өткізілген. Қарағандыда демалыс пен ойын-сауықтың түрлері көп.

Мейрамханалар мен кафелерде қазақтың таңдаулы тағамдарының дәмін көруге болады. Қалада қонақтар мен туристерге фитнес орталықтар, спорттық клубтар, сауналар, теннис корттары ұсынылады, қалаушылар Аква саябағында демала алады. Қаланың этнографикалық саябағы да қызықты. Қарағанды мәдени оқиғаларға да бай. «Шалқыма» концерт залында әлемнің әйгілі әртістері өнерлерін көрсетеді. Қаланың қонақтары мен туристерге мұражайлар, көрме залдары, театрлар да қызықты. Қарағандыда республиканың ең көне зоосаябағы бар.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Астана, фото Астана
Карта Алматы, фото Алматы
Карта Шымкент, фото Шымкент
Карта Атырау, фото Атырау



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен