Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Павлодар қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Павлодар қаласының фотосуреттері




Қала профилі

Павлодар – Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан қала, еліміздің астанасы Астана қаласының солтүстік-шығысынан 450 км қашықтықта орналасқан Павлодар облысының әкімшілік орталығы.

Қаланың құрылған жылы:1720
Халық саны: 345 759 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7182)
Пошта индексі: 140000
Автокөлің коды: 14 (2012 жылға дейін - S)

Бүгінгі таңда Павлодар Қазақстанның ең ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығы болып табылады. Павлодарда экспорттық бағдары бар болат пен жапсарсыз құбырларды өндіретін металлургиялық кәсіпорындары, мұнайды қайта өңдеу, электр, электрон және оптикалық құрал-жабдықтарды шығару кәсіпорындары және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары бар.

Мәдениет және өнер

Павлодарлықтар театрға, мұражайға, кітапханаға, мәдени-ойын-сауық мекемелерге сүйсіне барады. Қалада екі театр – Ж.Аймауытов атындағы қазақ облыстық музыкалық-драма театры, А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры, 5 мұражай – Г.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркемөнер мұражайы, Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет пен өнер мұражайы, П.Васильев атындағы мұражай-үйі, Шафер үйі бар. Достық үйі қолдануға берілді, Естай атындағы Қалалық мәдениет сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылық орталығы, «Космос» жастар үйі және басқа да мәдени ордалар қаланың мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосты. Қалада 24 кітапхана мен 3 кинотеатр жұмыс атқарады.

Қала аумағында 33 сквер, 5 бульвар, Ертіс өзенінің жақсы жаңартылған Орталық жағалауы бар. Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясының 18 этно-мәдени бірлестіктері өзінің қызметін атқарады, шамамен 350 НПО белсенді жұмыс атқарып келеді.

Спорт

Павлодар өзінің әйгілі жерлес-спортшыларын мақтан тұтады, олардың ішінде Людмила Прокашева – Нагано қаласындағы XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдегері; жас үмітті шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше рет чемпион болған, Туриндегі (Италия) ХХ қысқы Олимпиадалық ойындарының қатысушылары Республика құрамасының мүшелері Головко Андрей мен Кривушкин Денис; Валиев Роман – жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі, Қазақстан Республикасы мен Азия ойындарының (Таиланд) чемпионы; Альмукашев Саят – дзюдо күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, Әлем Кубогы «А» тобының қола жүлдегері және тағы басқалары. Павлодардың спорт мақтанышы – «Ертіс» футбол командасы, республикалық премьер-лигада ойнайтын Қазақстанның бес мәрте чемпионы.

Қала тұрғындарына дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылданулары үшін спорттық ғимараттар салынған – 5 стадион, «Астана» мұз сарайы, 8 спорткомплекс, 9 жүзу бассейн, 133 спорт залы, «Юность» жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы және т.б.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Шымкент, фото Шымкент
Карта Атырау, фото Атырау
Карта Қостанай, фото Қостанай
Карта Петропавл, фото Петропавл



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен