Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Орал қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Орал қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Орал– Орал өзенінде орналасқан батыс Қазақстандағы қала. Орал Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы, Каспий маңы алқабының солтүстік жағын алып жатыр. Орал қаласы Азиядан Еуропаға және кері қарай өзіндік бір қилы сауда қақпасы болып табылады. Бұл жерден Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін. Өсімдіктері негізінен далалы және орманды-далалы аумақты, ал жануарлар әлемі алуан түрлі, өзендерінде балық бар. Климаты – қатты-континенталды. Қаланың аумағы қала маңымен бірге алып санағанда 700 шаршы метрді құрайды.

Қаланың құрылған жылы: 1584 жыл
Халық саны: 271 835 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+5
Телефонның коды: +7 (71112)
Пошта индексі: 090000
Автокөліктің коды: 07 (2012 жылға дейін - L)

Оралдың ескерткіштері

Оралдың XVIII-XIX ғасырдың тарихи ескерткіштерімен ерекше әрі қайталанбас кейпі бар: Е.Пугачев үйі, Ескі собор, Христос Спаситель ғибадатханасы, өсиетті атаман үйі, Карев үйі, облыстың әкімшілік ғимараты, қалалық демалыс және мәдениет саябағы. Жаңа мөлтек аудандар мен биік үйлер, әуежай мен теміржол вокзалдарының ғимараттары, Абай, С.Датов, М.Мәметова, В.И.Чапаев, А.С.Пушкин ескерткіштері, даңқтық мәңгі оты бар Жеңіс Мемориалы қаланы қазіргі заман қалалары қатарына кіргізеді.

Орал маңының бірегей ауыз халық әдебиеті халық композиторлары Дәулеткерей мен Құрмаңғазының, суырып салма күйшісі Дина Нүрпеисованың және өзге де орындаушылардың, сонымен қатар орал казактарының дарынды фольклорының шығармашылығымен көрсетілген.

Оралдағы демалыс

Қазіргі заман Оралы – инфрақұрылымы дамыған, жайлы қонақ үйлер мен мейрамханалар желісі бар әсем қала. Орал емен, терек, үйеңкі ағаштарының жасыл желегімен қоршалған, Орал өзенінің керемет алқабы мен ғажайып аң аулау жерлері қаланы қонақтар мен туристерге тартымды етеді.

Өлкенің бай тарихы қаланың өлкетану мұражайында жинақталған, оны ХІХ ғасырдың ортасында табиғат зерттеуші және саяхатшы М.К.Курилин құрған болатын. Мұражайда Пугачев туралы құжаттар жинақталған, оның ішінде Петр 1, Суворовпен және Кутузовпен жорыққа барған яицк казактарының жалаулары сақталған, қала өмірімен байланысты қызықты құжаттар да бар.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Петропавл, фото Петропавл
Карта Көкшетау, фото Көкшетау
Карта Ақтау, фото Ақтау
Карта Өскемен, фото Өскемен



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен