Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Көкшетау қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Көкшетау қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Көкшетау– Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Көкшетау Қопа көлінің жағасында орналасқан, Көкшетау үстіртін алып жатыр, оны геологтар Көкшетау үйіндісі деп атайды және оның «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық аты бар.

Қаланың құрылған жылы:1824
Халық саны: 152 006 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7162)
Пошта индексі: 020000
Автокөліктің коды: 03 (2012 жылға дейін - С)

Көкшетау– таза, әдемі қала. Егер қаланың оңтүстік батыс жағында орналасқан төбеге шықсақ, көз алдымызға керемет бейне көрінеді: батыста көлдің су айдыны мен жағажай алқабы, солтүстік шығыста жазықтық, ал оңтүстікте төбелер бар.

Демалыс пен туризм

Қаланың оңтүстік шығыс жағында Бурабай көлі бар, оның жағасында келушілерге ыңғайлы көптеген сауықтыру және туристік объектілер бар. Бұл жерде сізге ұлттық тағамның түр түрін және атпен серуендеуді ұсынады. Таудың енсіз жолдарымен Бурабай көлінен Шабақты көліне түсуге болады, бұл жерде турист жабайы табиғат жағдайында ұмытылмас демалыс жасауына болады: шатырда ұйықтау, тау бұлағына жуыну, отта өзіне тамақ әзірлеу.

Бүгінгі қала

Қазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады.

1996 жылдың маусымында үш ЖОО негізінде – педагогикалық, ауыл шаруашылық және политехникалық – ғалым-энциклопедист Ш.Уәлиханов атындағы университет ашылды.

Қаланы көгалдандыру қала тұрғындарының қамқорлығында. Келешекте жалпы қолданыстағы жасыл көшеттердің ауданы бір тұрғынға шаққанда 21 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған (қазіргісі 7,7 шаршы метр). Мамандар жасанды тәлімбақты құру мәселесін қарастыруда.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Қостанай, фото Қостанай
Карта Петропавл, фото Петропавл
Карта Орал, фото Орал
Карта Ақтау, фото Ақтау



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен