Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Талдықорған қаласының картасы



Карталар Google корпорациясымен ұсынылған. Карталар мен фото бейнелер коммерциялық емес, тек жеке қолданысқа арналған. Карталарды көру үшін навигация панелін немесе тінтуірді қолданыңыз.

Қазақстанның қалалары мен карталар - фото, тарих, фактілер

Талдықорған қаласының фотосуреттері




Қаланың профилі

Талдықорған қаласы – Қазақстан Алматы облысының орталығы, Жоңғар Алатау тау баурайында Қаратал өзенінің жағалауында Жетісу ортасында орналасқан. Қала Жетісудің географиялық орталығында орналасқан және ел үшін ерекше геосаяси мағынасы бар.

Қаланың құрылған жылы:19 ғасыр
Халық саны: 156 192 адам (2013)
Сағат белдеуі: UTC+6
Телефонның коды: +7 (7282)
Пошта индексі: 040000
Автокөліктің коды: 05 (2012 жылға дейін - B,V)

Экономика

Талдықорған қаласының құрылысы қазіргі таңда «жетіқарыс қадаммен» алға басып келеді. Күннен күнге көзді қуантарлық көрініске ие болып келеді, қалада «еуро жөндеу» жүргізілуде деуге де болады. Қала жаңа тыныс алып келетін секілді. Талдықорған экономикасының негізі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның қоры пайдалы транспорттық-географиялық жағдайды ескере отырып құрылған. Жалпы қалада 24 негізгі өндірістік өнеркәсіп бар, олардың ішінде 5-і қайта өңдеу өнеркәсіптері. Одан басқа, 48 кіші өнеркәсіптер де бар.

Қалалық телефон байланысы 12 автоматтандырылған телефон стансаларымен және электронды халықаралық-қалааралық стансасымен берілген. Монтаждалған сыйымдылығы 3 мың нөмірді құрайды, олардың 25 мыңы жұмыс жасауда. «Телекс» халықаралық желісіне шығуды «Мироглав» типті телеграф автоматтандырылған стансасы қамтамасыз етеді.

Білім және мәдениет

Білім беру жүйесінде университет, екі институт, 7 арнайы оқу мекеме, 3 профтехучилище, 23 жалпы білім беру мектебі, 10 балабақша бар. Денсаулық сақтау объектілерінің желісінде 27 емдеу-алдын алу мекемелері бар.

Қалада драма театры, 2 мәдени және демалу саябақтары, кітапханалар мен кинотеатрлар бар. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін 5 мың орны бар стадион, спорт кешендері, 56 бассейн, өнеркәсіптер мен оқу орындарында 30-дан астам спорт залдары бар.

Көптеген жаңа әсем ғимараттар пайда болды. Жүзу бассейні мен спорт залдары бар «Өркен» спорт кешенінде, «Жеті су» стадионында, «Атамекен» кинотеатрында толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштер, аркалар, стелалар мен билбордтар пайда болып, жаңаланып келеді. Көшелер мен ғимараттар шамдалдармен жарықтандырылған. Жасыл саябақ аймақтар кеңейтілуде, қала көгалдандырылуда, транспорттар байланысы жақсаруда.

Пайдалы сілтемелер (дерекнама)

Тағы да көру:

Карта Ақтөбе, фото Ақтөбе
Карта Тараз, фото Тараз



 

СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен